378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады

  • 117
  • UPD: 22:49, 10.01.2020

Алматыдағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі пиццерияға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат расталмады.

10 қаңтар күні белгісіз біреу сауда үйінің әкімшілігіне қоңырау соғып, осындай суыт хабар жеткізген. Тиісті қызмет мамандары дереу жетіп, адамдар эвакуацияланды. Бірақ әлгі ақпарат жалған болып шыққан. Қалада осындай атаумен сегіз дәмхана бар екен. Олардың барлығы да тексеріліп жатыр дейді құзырлы орган өкілдері. Енді жұрттың үрейін ұшырған адам анықталып, тиісті жазасын алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы