380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 3 жұмысшы жылу жүйесіндегі суға күйіп қалды

  • 116
  • UPD: 22:15, 10.01.2020
Қарағандыда 3 жұмысшы жылу жүйесіндегі суға күйіп қалды

Қарағандыда жылу магистралін жөндеу кезінде құбыр жарылып, коммуналдық қызметтің 3 жұмысшысы ыстық суға күйіп қалды.

Денесінің 50 процентін күйік шалған бір адам жансақтау бөліміне түскен. Ал құбырдан атқылаған ыстық су екі ықшам ауданды басып, 800-ге жуық көп қабатты үй жылудан ажыратылды. Қазір коммуналдық мекеме бұл үйлерді қосымша жылу магистраліне қосып, негізгі құбырдың жарылған жерін жөндеп жатыр. Мамандардың айтуынша, екі ауданды байланыстырып тұрған 820 милиметрлік жылу магистралінен ақау шыққан. 25 жыл болған ескі құбырдың әлсіз жері жарылған. Коммуналдық мекеме тозығы жеткен құбырды жаңартуға  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қаражат қарастырылғанын айтып отыр. Зардап шеккен коммуналдық мекеме қызметкерлеріне сақтандыру компаниясынан өтемақы төленеді.

Берік Төлеубаев, Х.Ж.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығының басшысы:

- Бір науқас жансақтау бөлімшесіне түсті, екі адам бөлімшеге жатқызылды. Көбісі аяқ қолдар, тағы біреуінің қол аяғымен қоса іші күйген. Қазір шокқа қарсы ем, сосын бір аптадан кейін операция жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы