378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сапарбаев елордадағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралады

  • 118
  • UPD: 00:25, 11.01.2020

Елорданың тұрғындарын да мазалайтын мәселе көп. Өткен жылы «АйКөмек» мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 1 млн 600 мыңнан астам өтініш түскен. Орталық мамандарының айтуынша, халық медициналық қызмет сапасына, қоғамдық көлік қызметіне және коммуналдық мекемелердің жұмысына көп шағымданады.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осы орталықтың жұмысымен танысты. Кейін бас қаладағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралады. Оның ішінде Президент сынға алған орталық теміржол ауруханасы да бар.

Жаңа жылдың 10 күнінде «АйКөмекке» 7 мыңға жуық арыз-шағым түсіп үлгерген. Жедел әрекет ету орталығының мамандары оның 4 мыңнан астамы шешімін тапты деп отыр. Қалғаны бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Байқағанымыз, бұл орталық ашылғалы өтініш көбеймесе, азаймапты. Түсінікті де. Елордалықтардың саны жыл емес, күн санап өсіп жатыр. Бірі медициналық қызмет сапасына шағым айтса. Екінші тұрғынның қоғамдық көлік қызметіне көңілі толмайды. Бұл салаларда проблема бар. Оны мамандар да жасырмайды.

Берік Ахметов, «iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығы директорының орынбасары:

- Біздің біріңғай байланыс орталығы қаңтардан 2018 жылдан бастап жұмыс істеуде. Және 2018 жылы 1 млн астам шағым түсті қала тұрғындарынан және қонақтарынан. 2019 жылы 1 млн 600 мыңнан астам шағым түсті. Барлығы шешілді. Өйткені бізге звондап,кез-келген шағым бізде бақылауға алынады. 

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев осы орталықтағы бейнебақылау жүйесінің жұмысын көрді. Қазір бұл жүйеге қаладағы 13 мың камера қосылған. Алдағы уақытта 52 мың бейнекамера болады. Қазірдің өзінде бірнеше мектеп пен екі емхананы бақылап отыр. Жыл аяғына дейін қала емханалары ортақ жүйеге қосылады. Тиімділігіне талас жоқ. Мектептердің барлық бұрышы мамандардың көз алдында тұр. Мұнда полиция қызметкерлері де отырады. Жақында жоғалып кеткен оқушыны камераның көмегімен тауыпты. Премьер министрдің орынбасары алдағы уақытта қаладағы көңіл көтеретін орындар мен халық көп жүретін орталықтарды жүйеге қосуды тапсырды.

Қазір халық талқысына түскен мәселенің бірі- атаулы әлеуметтік көмек тағайындау. Оны кімдер алады, қандай құжат керек?-деген сауал көптің көкейінде. Осы орайда, вице-премьер Есіл аудандық әкімдігінде ашылған құжат қабылдау орталығының жұмысын көрді. Қазір қаладағы барлық аудан әкімдігі мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында кеңес беру және құжат рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Гүлжан Сәрсембаева, Есіл ауданының әкімдігі құжат қабылдау орталығының маманы:

-  Күніне енді осы қаңтар айынан бастап 20-30 адам келеді. Кеше 40 адам болды. Бүгін жарты күнде 17-18 адам. Біз енді мамандар АӘК кеңес береміз. Керек құжаттар қабылдаймыз.

Кейін №2 қалалық көпсалалы аурухана мен 9-шы емханаға барды. Ондағы мақсат-әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесіне өту жұмыстарымен танысу. Бұл мәселеде де атқарылар іс аз емес. Кім қалай сақтандырылады? Қандай медициналық көмек көрсетіледі деген сауал көп. Сақтандыру қорының мамандары жүктелген міндетті 90 пайызға орындадық деп отыр. Емханалармен келісім-шартта жасалған.

Марат Шоранов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры төрағасының орынбасары:

- Жаңа жүйеде бірінші қаңтардан бастап, біріншіден, бүкіл медициналық қызметкерлерге, дәрігерлерге 30 пайызға дейін, медбикелерге 20 пайыз жалақы көтеріледі. Екіншіден, оңалту емду шаралары бұрын халыққа қолжетімділіг жоқ болған сервистар келеді.

ЗКТ Ал, мына күрделі жөндеу жасалып, жылтырап тұрған ғимарат орталық теміржол ауруханасына берілген. Елорданың дамуына арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауруханың әбден тозғанын айтып, жауаптыларға нақты тапсырма берді. Айтса айтқандай, аурухана 60 жылдан бері дұрыс бір жөнделмепті. Жабдықтардың 40 проценті ескірген. Сынағаны сол еді, қыруар қаржы бөлініп, қызу жұмыс басталды. Жергілікті бюджеттен 200 млн теңгеден астам ақша жұмсалып, 2 ғимарат жөнделген. Оның біріне апатты жағдайда тұрған корпустағы бөлімшелер көшіп келген. Ең бастысы, емделушілер риза.

Сара Топаева, емделуші:

- Ғимарат ескі болды. Тіпті ескі болды. Жөндеу болған жоқ. Төсек орын ескі болды. Қазір енді өте жақсы. Осы жолы көңілімнен шықты. Тамақтары әсіресе жақсы. 

Бақтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары:

- Қазір денсаулық министрлігінде біз арнайы жобалық офис ашқан болатынбыз. Сол жобалық офис ішіндегі арнайы инвестициялық бағытта Нұр-Сұлтан қаласында болашақта осындай жаңадан ғимарат салу денсаулық ауруханасын. Ол аурухана бастапқыда 600 орындық болатын, қазір 800 орын дер шешіп, себебі болашақта көлемі, адам саны ұлғаяды деп. Қазір жерін белгіледік. 

Жалпы инвесторлар есебінен елімізде 11 медициналық орталық салынады деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы