375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО тұрғыны далада өліп жатқан киіктердің мүйіздерін кесіп алған

  • 134
БҚО тұрғыны далада өліп жатқан киіктердің мүйіздерін кесіп алған

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында жергілікті тұрғын киік мүйізімен ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл азаматы 4 дана мүйізді далада өліп жатқан текелерден кесіп алғанын айтады. Заңсыз аңшылыққа қатысты заңға енген өзгерістерге сәйкес енді күдікті үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал Теректі ауданының Еңбек ауылының айналасында заңсыз қабан қуып жүргендер қолға түсті. Жалпы алғанда «Браконьер» жедел алдын алу іс-шаралары басталған бес күн ішінде Орал өңірінде 5 қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы анықталып, заңсыз аң аулауға байланысты 24 әкімшілік хаттама толтырылған. Жедел алдын алу шаралары 5 ақпанға дейін жалғаспақ.

Кенжебек Құспаев, облыстық полиция департаменті басқармасының басшысы:

– Өздеріңізге мәлім, жаңа жылдан бастап қылмыстық кодекстегі бірқатар бапқа, соның ішінде заңсыз аңшылықтарға қатысты заңдарға өзгерістер енгізілуде. Бүгінгі күнде рұқсат 15 ақпанға дейін тек қоян аулауға. Қалған аңдарға тыйым салынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы