379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттіктердің 97,8% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтылған

  • 304
  • UPD: 08:17, 11.01.2020
Шымкенттіктердің 97,8% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтылған

Шымкентте халықтың 97,8 проценті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардың бұл бағыттағы дайындығын Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров сапар барысында көрді. Ол көрсетілетін медициналық қызметтер толыққанды, жан-жақты екеніне көз жеткізу үшін бірқатар медициналық мекемені аралап шықты. Емхана мен ауруханадағы тіркеу арқылы пациенттер мәртебесін және сақтандырылғаны жөнінде ақпаратты тексеріп, салалық мамандардың жұмыс кестесін бақылады. Биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғалы бері Шымкенттегі денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 35 процентке артты. Қаладағы медициналық ұйымдарда пациенттер электрондық денсаулық куәлігімен 100 процент қамтамасыз етілді.

Камалжан Надыров, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:

– Ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейін кез келген пациенттің мәртебесі шартты түрде сақтандырылған. Сондықтан қандай жағдай болмасын, пациенттің пайдасына шешілуі тиіс. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры әрдайым көмектесуге дайын. Сондай-ақ 1406 нөмірі арқылы тәулік бойы сақтандыру қорының колл орталығына хабарласуға болады.

Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы:

– Қандай да бір қызметті алу үшін қай бағытта қандай бағыттаушы қағаздармен келуіміз керек деген мәселелер туындап отыр. Бұл жерде айта кеткім келеді, негізгі қызметтің барлығы осы алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдардан бастады.

Хабар 24 телеарнасы