380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап жүр

  • 162
  • UPD: 15:15, 11.01.2020
Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап жүр

Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары әлеуметтік нысандарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Мәселен, спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының жаңа ғимараты барлық талапқа сай келеді. Мұнда оқушылар спорттың 13 түрімен айналыса алады. Өңірде шешімін күткен мәселелер де аз емес. Соның бірі трансшекаралық Жайық өзенінің жай-күйіне қатысты. Бастауын Ресейден алатын өзен жыл санап тайыздап барады. Күрделі мәселе қос ел басшылығының араласуымен ғана оң шешімін таба алады, дейді депутаттар. Өңірдегі ең өзекті мәселе жолдың жыры да жуық арада шешіле қоймайтын сыңайлы. Мысалы, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына апаратын 250 шақырым жолдағы жөндеу жұмыстары уақтылы атқарылмаған.

Шавхат Өтемісов, ҚР мәжілісінің депутаты:

– Қаражат бөлініп жатыр, сол қаражатты тендер арқылы ұтып алған мердігерлер жұмысына әлі күнге дейін кісірпеген. Мысалы, Жәнібек ауданында «Теміржол жөндеу» атты мекеме сол тендерді ұтқан екен. Шілде айында бастайтын жұмысқа әлі кіріспеген. Бар болғаны 10 вагон құмтас алып келген. Басқа ешқандай жұмыс көрінбейді. Бұл жауапсыздық, халық зардап шегіп отыр. Біз бұл мәселемен айналысатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы