380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дулат Исабеков: Біртұтас ұлт болу Абайдың арманы еді

  • 197
  • UPD: 15:17, 11.01.2020
Дулат Исабеков: Біртұтас ұлт болу Абайдың арманы еді

Біртұтас ұлт болу, бірігу, мемлекет құру, қараңғылықтан құтылып, білімге ұмтылу.

Бұл Абай аңсаған арман еді. Осы мақсат үшін мыңмен жалғыз алыса жүріп, бүгін болмаса, ертең тыңдар деп жазған ақынның ойлы, астарлы шығармаларының тереңіне әлі жете алған жоқпыз. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Дулат Исабеков осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуынша, Мемлекет басшысының баспасөзде жарық көрген мақаласы ұлы ойшылдың бай мұрасын жаңа қырынан тануға, оны ұрпақтың бойына сіңіруге тың бағыт береді.

Дулат Исабеков, жазушы, қр мемлекеттік сыйлықтың иегері:

– Қара бастың қамын ойлау деген не, тіпті мемлекет басқару деген не, осының бәрі Абайда бар. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап». Абай мұны толық айтып кетті. Енді осының бәрін біз таратып, халқымыздың бойына сіңіре білсек, интеллектуалды ұрпақ сонда пайда болады. Абайдың арманы да, мақсаты да сол болды.

Хабар 24 телеарнасы