419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейге тарихи орталық мәртебесі беріледі

  • 680
  • UPD: 10:04, 12.01.2020

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы семейлік зиялы қауымның да көкейіндегісін дөп басып, көңілінен шығып отыр.

Бұл еңбек Қазақстан халқын тұтас ұлттық идеяға жұмылдыратын бағдарламалық мақала деп есептейді филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов. Сонымен қатар Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі беріліп, Жидебай өңірін қайта жаңғырту туралы Президент тапсырмалары жұртшылыққа ерекше жігер беріп отыр. 

Арап Еспенбетов, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры:

- Абайдың әлемдік руханияттағы алатын орны оның шығармашылығының қадірі, қасиеті жете көрсетілген. Мен ойлаймын, бұл мақаланы әлі талай рет астын сызып оқып, қайта-қайта қайырылып Рухани жаңғыруымыздың басты бір сипаты ретінде көрсететініміз және насихаттайтынымыз айқын нәрсе аса қажетті мақала деп білемін. 

Жандос Әубәкір, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры:

- «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деп деген Абайды жан-жақты насихаттау, оны әлемге таныту, оны әлемнің озық тілдеріне аудару және ең негізгісі жас ұрпақтың бойына Абайдың айтып кеткен ойларын бойларына сіңіруді айтуы мақаланың басты бір түйіні. Сонымен бізге тікелей қатысты өте қуаныштысы, ол мына Семей қаласын тарихи орталық ретінде тану.  Сонымен бірге әлемнің әр түкпірінен келетін қонақтарға осы Жидебай өңірін дамыту, әсіресе Абай мемлекеттік тарихи мәдени қорық музейін дамыту керек деген сөздері ол бізге өте жағымды жаңалық.

Хабар 24 телеарнасы