375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның 100 жаңа есімі. Иван Снегуров

  • 86
  • UPD: 10:06, 12.01.2020

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды. Олардың қатарында қарағандылық жаттықтырушы Иван Снегуров те бар.

Иван Снегуров спортпен 12 жыл жаттығады. Оның атасы мен әкесі де ауыр атлетика жаттықтырушысы. Ата мен әке жолын жалғастырып жүрген Иванға 22 мың Қазақстандық дауыс беріп, жеңіс тұғырынан көрінуге қолдау жасаған.

Иван Снегуров, ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

- Ауыр атлетика менің өмірімнің бір бөлігі. Осы салада жүріп, өмірлік ұстанымымды қалыптастырып келемін. Жақсы нәтиже үшін бар күш-жігерімді аямай, тер төгудемін. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметінің берілуі де үлкен жетістігім. Мені көптеген адамдар танып қалды. 30-дан астам  адам жеңімпаз атанды. Бізді жобаның өткен жылғы жеңімпаздары қарсы алды. Сол ерекше әсер менің өмірімдегі айрықша сәт болып қала бермек. 

Иван Әлем, Азия чемпионаттарына қатысушы спортшыларды баптап келеді. Оның шәкірттері республикалық сайыстардың рекордтық көрсеткіштеріне ие болған. Солардың бірі Аиша Омарова. 8 жыл бойы ауыр атлетикамен айналысып келе жатқан спортшы қызға  жаттықтырушысы қашанда үлгі. 

Аиша Омарова, И. Снегуровтың шәкірті:

- Жеңгенін ғана білдім, сол кезде мен өте қуанышты болдым, өйткені мен өз бапкерімді өте жақсы көремін, менің бапкерім екінші әке сияқты, әрдайым көмек көрсетеді. Біз жай ғана команда емеспіз, біз шынымен отбасы сияқтымыз. Қазақстанның 100 жаңа есімдеріне кіргеніне өте қуаныштымыз және әрі қарай табыс тілейміз. 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Иван Снегуров алғаш рет қатысып отыр. Жаттықтырушының айтуынша, жобаға мыңдаған қазақстандықтың дауыс беруі  үлкен сенімді білдіреді.  Айта кету керек, биылғы жылы Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасына 1637 адам өтініш білдірген. Соның ішінен 32 жеңімпаз анықталып, еліміздің жаңа есімі болуға  лайық деп танылған.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы