430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл тұрғыны ескі темір-терсектен түрлі кәдесый жасайды

  • 664
  • UPD: 15:25, 12.01.2020

Шебердің қолы ортақ. Петропавл қаласының тұрғыны Әлішер Хамзин ескі темір-терсектерді жинап, олардан түрлі кәдесыйлар жасайды. Экономист мамандығына оқыған азамат жұмыс таппаған соң, жанына жақын іспен айналысуға бел буған. Тіпті ол үшін былтыр  «Жас кәсіпкер» жобасы аясында арнайы курстан өтіп, өз идеясын жүзеге асырды.

- Коня вот этого надо сделать. Это свободная экономическая зона будет. У них логотип вот это конь. 

Петропавлдық Әлішер Хамзин он саусағынан өнер тамған азамат. Ол ескі бұрандамаларды, шайбалар мен гайкаларды кәдеге жарататын еліміздегі жалғыз шебер. Яғни жарымсыз темір-терсектерді жинап, оларды әдемі бұйымға айналдырады.  

Әлішер Хамзин, шебер:

- Ең алдымен мүсін жасауға қажетті темір-терсектерді іздестіреміз. Ол тат басқан болса, арнайы ерітіндіге салып тазартуымыз қажет. Әрине мұның барлығы үлкен шығармашылықты, шыдамдылықты қажет етеді. Өйткені бұйымды айнытпай жасау керек қой. Бүгінде темір –терсекті  қаладағы 3 көлік жөндеу станциясынан алып тұрамын. Жетпегенін дүкеннен сатып аліға тура келеді. 

Бүгінде Әлішер жанына екі азаматты көмекші етіп алған. Жарты жылдың ішінде темірден түйін түйген шеберлер мыңнан астам түрлі фигураны жасаған екен. Олардың қатарынқатарынан балықшыны, музыканттарды, тіпті жануармен түрлі жәндіктерді кездестіруге болады. Айта кету қажет, азаматтар өткен жылы өз жобасын жүзеге асыру үшін «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында білім алып, мемлекет қолдауын сезінді. 

Гүлнәзия Әбілева, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

- Былтыр «Бастау бизнес» жобасы аясында 2515 адам, ал «Жас Кәсіпкер» бойынша 600 азамат оқыды. Олардың 1887–не қайтарымсыз грант беріліп, өз кәсіптерін дөңгелетті. Жобалардың басым бөлігі қызмет көрсету саласында.  

Келешекте шебер өндіріске шыны мен саз балшықтан енгізбек ниетте. Ал бүгінде ол танымал спортшылардың фигураларын жасауға әуестене бастаған. 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Шебер  соңғы уақытта спортшылардың да мүсінін жасауды қолға алған. Мәселен мына велошабандоз жерлесіміз Александр Винокуровтың құрметіне, ал мынау боксшы Серік Сәпиевтің құрметіне жасалған. Енді алдағы уақытта автор оларды спортшылардың өздеріне сыйға тартуды жоспарлап отыр. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы