377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай жолы – рухани өркендеу жолы

  • 146
  • UPD: 20:09, 12.01.2020
Абай жолы – рухани өркендеу жолы

«Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін биіктерге, асқар асуларға шақыра береді».

Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы бұл тұжырыммен батысқазақстандық ғалымдар да толықтай келіседі, хабарлайды «Хабар 24». Мәселен, жуырда ғана «Егемен Қазақстан» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Абай мұрасы хақында көлемді мақаласы шыққан философ ғалым Тілекжан Рысқалиев ақын мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтуге лайық деген пікірде. «Абай тек ақын, ағартушы ғана емес. Абай – ең алдымен терең ойшыл. Оның әрбір өлеңінен, қара сөзінен тереңдігі, ойшылдығы байқалады. Үйренер тұстарымыз аз емес. Бізге де керегі осы, дейді ғалымдар.

Тілекжан Рысқалиев, философия ғылымдарының докторы, профессор:

– Абайды бәрі жатқа біледі. Бізге Абай жолымен жүру керек, билікке де керек. Мақаланың бір ерекшелігі, Абайдан қандай үлгі алуға болады, сол туралы жақсы жазылған. 

Ғалия Сарқұлова, аға оқытушы, тарих магистрі:

– Абай өзінің барлық шығармаларында ең алдымен адамдық қасиетті дәріптейді. Кез келген жағдайда адам боп қалу – Абай философиясының өзегі іспетті. Қазір айналада болып жатқан жағымсыз құбылыстарға қатысты заманды кінәлауға даяр тұратын болдық қой. Бірақ Абай айтпақшы, жақсылықты да жамандықты да жасайтын адамның өзі. Соны ұмытпауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы