376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Степногорск қаласында жаңадан көп қабатты үйлер салына бастады

  • 112
  • UPD: 08:18, 13.01.2020
Степногорск қаласында жаңадан көп қабатты үйлер салына бастады

Ақмола облысының Степногорск қаласында соңғы жылдары қараусыз қалған бес бірдей көп қабатты үй қалыпқа келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларда бас-аяғы 500-ден астам пәтер бар. Баспаналарды жөндеуге жарты млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Осылайша, шағын шаһардың сәнін бұзып тұрған үйлер ажарланып, қала сәулетіне сән қоса түскен. «Ал, олардың біреуі кезекте тұрғандарға үлестірілсе, қалғандарының қожайындары бар», - дейді жергілікті билік өкілдері. Қаңырап бос тұрған тағы бірнеше үй алдағы жылдары жөнделмек. Қаладағы тағы бір жағымды жаңалық, мұнда былтырдан бастап ел тәуелсіздігі тарихында алғаш рет жаңадан көп қабатты үйлер салына бастады. Қазір әрқайсысы 45 пәтерлі екі бірдей көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, бүгінде Степногорск қаласында 1600-ден астам адам пәтер кезегінде тұр.

Еркебұлан Баяхметов, Степногорск қаласының әкімі:

- Бірден айта кетуім керек, біз қалыпқа келтірілген үйлерді мемлекет меншігіне алып, кезекте тұрғандарға бере алмаймыз. Себебі, олар қараусыз қалды дегенмен, құжат бойынша иелері бар. Жөндеуге кеткен қаржыны да сол қожайындарынан өтеп аламыз. Жалпы биыл 86 жер үйдің құрылысын бастаймыз. Қазір инвестор іздестіріп жатырмыз. Міне, солар кезекте тұрғандарға ипотекаға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы