422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жөнделген жолдарда не үшін жол апаттары жиі болады

  • 672
  • UPD: 14:18, 13.01.2020
Жөнделген жолдарда не үшін жол апаттары жиі болады

2019 жылы республика бойынша жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған автокөлік жолдарының 641 шақырымы ашылды.

Жол төсемінің сапасы жақсарған соң барлық қатысушылар үшін жол қозғалысы жайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс еді. Бірақ жолдар тегістелген сайын көлік апаттары, оның ішінде қайғылы жағдайлар көбейген, деп хаабрлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің баспасөз қызметі. 

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 12,5 мыңнан аса шақырым автожол жаңадан салынды және қайта жаңғыртылды. 2,8 мың шақырым автомагистраль І техникалық санат өлшемдеріне сәйкестендірілді. Бұл көлік жүргізушілері 3 мыңдай шақырым жолда сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады деген сөз. Жалпы «жол-көлік апаттарының саны сапалы жолдарға байланысты көбейді» деген сөз құлаққа оғаштау естілетіні рас. Дегенмен статистикаға сүйенсек, 2019 жылы жолдағы апаттардың 33,6% жылдамдықты арттырудан, 14,1% жолдың қарсы бетіне шығып кетуден, 9,5% жүргізушінің көлікті басқара алмай қалуынан, 8% арақашықтықты сақтамаудан болған. Сондай-ақ шаршау, мас күйінде көлік айдау және автомобильдің ақауы сияқты жағдайлар апатқа себеп болып жатады.     

2019 жылы республикалық және халықаралық маңыздағы жолдарда барлығы 2547 жол-көлік апаты болған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда  18% көп. Осылайша, жолдардың сапасы артқан сайын жол-көлік апаттары да көбейген. Осы орайда өткен жылы елімізде республикалық маңыздағы автожолдардың 4,4 шақырымында қайта құрылымдау және салу жұмыстары жүргізіліп, рекордтық көрсеткішке жеткенін айту керек. Нұр-Сұлтан – Павлодар, Щучинск – Зеренді, Бейнеу – Ақжігіт, Жетібай – Жаңаөзен, Таскескен – Бақты, Теміртау – Қарағанды учаскелері толық аяқталды. Бүгінгі таңда республикалық жолдардың 88% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Жыл өткен сайын отандық автожол саласында инфрақұрылымды дамыту және қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары күшейтіліп келеді. Айталық, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 13,5 мың шақырым жол салынады және қайта жаңғыртылады. Оның ішінде 2 мың шақырым жол І техникалық санаттағы жолға жатады. Тиісінше ақылы учаскелер саны артады. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол бар: Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қорғас және Алматы – Қапшағай. Орта есеппен елімізде жеңіл автокөліктер үшін І санатты жолдармен жүру бағасы 1 шақырымға 1 теңге, үлкен жүк көліктері үшін 5-тен 25 теңгеге дейінгі аралықта. Салыстырмалы түрде алсақ, Францияда оның құны 40 есе жоғары, яғни жеңіл көліктер үшін 43 теңге, жүк көліктеріне 228 теңге. Бірақ Батыс Еуропада жол-көлік апатынан болатын өлім-жітім Қазақстанға қарағанда 15 есе аз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша елімізде апаттардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың автокөлікке 71,8 оқиғадан келеді.

Қазақстанда автокөлік құралдарының саны артып келе жатқанын айту керек. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, бүгінгі таңда еліміз жолдарында 3 млн-нан астам автокөлік жүр. Орта есеппен 100 қазақстандыққа 21 көліктен келеді, яғни әрбір бесінші отандасымыздың жеке көлігі бар.     

Адам өмірінің маңыздылығы мемлекет үшін басым бағыттардың бірі екені сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы