376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігі күшейтілді

  • 207
  • UPD: 13:21, 13.01.2020
Түркістанда оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігі күшейтілді

Түркістан қаласында оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігі күшейтілді. Тәртіп сақшылары мектеп маңындағы барлық көшелерге арнайы жол белгілерін қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаяу жүргіншілер жолағынан бөлек, жасанды және дыбыс жолақтары да орнатылды. Арнайы камералар жүргізушілердің жылдамдығын қадағалайтын болады. Сонымен қатар полиция инспекторлары күн сайын мектеп оқушыларының жолдан өтуіне көмектеседі. Бұрын 900-ден астам жол белгісі болса, былтыр жыл соңына дейін 567 түрлі жол белгілері қойылған. Жасыратыны жоқ, мектеп жанындағы жолдарда жол-көлік оқиғасына байланысты түрлі жазатайым жағдайлар болып жатады. Мәселен, Түркістан қаласында 2018 жылы 33 оқиға тіркелсе, былтыр осындай 20 жағдай тіркелген. «Қабылданған шаралардың нәтижесінде балаларға қатысты оқыс оқиғалар азайып келе жатыр», дейді тәртіп сақшылары мен мектеп басшылары. Жалпы облыс орталығында 35 мектеп бар.

Күлән Әбдіқадырова, мектеп-гимназия директорының м. а.:

Жолдың бойында орналасқанбыз. Мектепте бала саны өте көп. Облыс орталығы болғалы балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында камералар, жол белгілері әр мектептің алына қойылып жатыр .Бұл балалардың жол қауіпсіздігі және өмір қауіпсізігі үшін жасалып жатқан шаралар.

Алмасбек Тастанбеков, облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

- Биылға қолға алғанымыз дыбыс жолақтарын сыздық, көп көшелерде жөндеу жұмыстары жүрді. Жарықтандыру жүрді. Жол белгілерінен бөлек, біз осныдағы мектеп инспекторларын таңертеңгі оқушылар келген және шығар уақытта олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудеміз. Инспекторлар жол бойына тұрып, көлікті тоқтатып, оқушыларды өткізіп жібереді.

Хабар 24 телеарнасы