375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында биыл 5700 көп балалы отбасы әлеуметтік көмекпен қамтылмақ

  • 117
  • UPD: 14:11, 13.01.2020
Павлодар облысында биыл 5700 көп балалы отбасы әлеуметтік көмекпен қамтылмақ

Ертіс өңірінде аз қамтылған азаматтар санатындағы тұрғындарға жаңа механизм бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстары қызу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық арасындағы ақпараттық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілгендіктен, түсінбеушіліктер туындамаған. Жыл басынан бері 600-ге жуық көп балалы отбасы жәрдемақы алуға өтініш білдірген. Мамандардың хабарлауынша, биыл 5700 көп балалы жанұя әлеуметтік көмекпен қамтылмақ. Былтырғы жылы жәрдемақыға ие болған отбасылар қайта құжат жинап, сабылмайды. Олар туралы мәліметтер жаңа механизм бойынша автоматты түрде сараланып, тиісті органдарға жолданады. Сонымен қатар көп балалы отбасынан шыққан 7 мыңнан астам балаға азық-түлік және гигиеналық жиынтықтар берілмек.

Айта кетейік, былтыр 9 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен жүздеген отбасы жәрдемақыдан өз еріктерімен бас тартқан. Ал үстіміздегі жылы 2 мыңнан астам еңбекке қабілетті тұрғын жұмысқа тартылады. Бұл ұсыныстан бас тартқан жағдайда азаматтарға қатысты қатаң шара қолданылады, нақтырақ айтқанда, олар жәрдемақыдан құр қалады.

Гүлнәр Қамалова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

- Былтыр атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 5,5 есеге артқан еді. Өсім негізінен көп балалы отбасылардың жәрдемақысы есебінен болған. Өткен жылғы тәжірибеге сүйеніп, бұл бағыттағы жұмыстарды бір жүйеге келтірдік. Қазір жұмыспен қамту орталықтарында кезек жоқ. Жәрдемақы аясындағы азық-түлікті тасымалдайтындар да анықталды.

Хабар 24 телеарнасы