375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АӘК-тің арқасында кәсіп бастаған ақтөбеліктер көпке үлгі

  • 104
  • UPD: 15:01, 13.01.2020

Атаулы әлеуметтік көмектің арқасында кәсіп бастаған ақтөбеліктер көпке үлгі көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Қобда ауданында тұратын Темірхан Танкеев мемлекеттің қолдау шараларын ұтымды пайдаланып, қой өсіруді қолға алды. Бұрынғы жұмыссыз жанның алдағы бірер жылда қожалық құрмақ нақты жоспары да бар. Ал, жергілікті билік мұндай ынталы азаматтарға көмектесуге дайын.

Темірхан Танкеевтің қорасында қойлардың пайда болғанына көп бола қойған жоқ. Бірақ бұл ұсақ малдар қарызға немесе өзгеден сұрап алынған емес. Көрсетілген мемлекеттік қолдауды тиімді ұқсатудың арқасында келді. Отбасындағы үш балаға аталулы әлеуметтік көмек тағайындалса, өзі кәсіпкерлік негіздерін тегін меңгеріп алды. Кейін бизнес жобасын сәтті қорғап, қайтарымсыз грантқа 25 бас қой алған. Сөйтіп біраз жыл жұмыссыз жүрген Темірхан өз-өзін еңбекпен қамтып отыр.

Темірхан Танкеев, Қобда ауданының тұрғыны:

Грант алып, қой, сиыр алдым. Жайлап шаруашылығымды бастап жатырмын, тағы да мал шаруашылығын көбейткім келеді. Басым жас қой. Болашақ ойым аудан басында мынадай қылып ұстап отырғым келмейді. Ауыл жаққа көшіп, үлкейтіп жер алып, істі жалғастырғым келеді.

Былтыр аудан бойынша 289 отбасына атаулы көмек тағайындалып, 154 млн теңге төленген. Бұл қолдау түрінен өзге жанұяның жұмыссыз жүрген мүшелерін еңбекпен қамту және кәсіпке баулу шаралары атқарылды. Бүгінде «Бастау» жобасы арқылы білім алып, іс бастаған ондаған отбасы бар. Ал, қазір атаулы әлеуметтік көмектің жаңа ережесі кеңінен насихатталуда.

Рәзия Жолдыбаева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Бүкіл елді мекендерде барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халыққа түсіндірдік. Бірақ кедейшілік шегінің орташа табысы өзгергенімен, кепілдендірілген әлеуметтік көмек тағайындаймыз. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға . Ол азық-түлікпен, сосын міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етеміз.

«Тұрмысы төмен отбасыларды кедейшілік шегінен шығару басты – міндет», - дейді аудандық әкімдік қызметкерлері. Сондықтан да бұл тұрғыда нақты істер жалғаса бермек.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы