378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде шетелдік жұмыскерлерге арналған квота 40% қысқартылды

  • 75
  • UPD: 14:41, 13.01.2020
Елімізде шетелдік жұмыскерлерге арналған квота 40% қысқартылды

Елде еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында шетелдік жұмыскерлерді тартуға арналған квота 40%-ке қысқартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, биылғы жылы жергілікті жұмыс берушілерге рұқсат берілген еңбек күшінің шекті саны 29292 адамды құрап отыр. Былтырғы квота 48700 бірлік жұмыс күшіне рұқсат берген болатын. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда үшінші санат, яғни, мамандар бойынша 37%-ке және төртінші санат – білікті жұмысшылар бойынша 23%-ке қысқартылды. Ал Ақтөбе, Қызылорда, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары төртінші санат бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартудан толықтай бас тартып, жұмыс берушілердің қажеттілігін жергілікті мамандар есебінен жабуды жоспарлап отыр. Квотаны қабылдау ішкі еңбек нарығын білікті емес, шетелдік жұмыс күшінен қорғауға, қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы