375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС жүйесіне енген азаматтар тегін қызметке қол жеткізеді

  • 112
  • UPD: 15:28, 13.01.2020
МӘМС жүйесіне енген азаматтар тегін қызметке қол жеткізеді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпарат кез келген аурухана мен емдеу орындарында қолжетімді болуы тиіс.

Бұл мақсатта барлық медицина мекемелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, бұл жүйе елімізде 1 қаңтардан бастап енгізілген болатын. Алайда, 1 сәуірге дейін қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Сондықтан емханаларда қызмет бәріне тегін көрсетілуде. Мәселен, Ақтөбе облысында 370 мыңнан астам тұтынушы үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 11 миллиард 323 миллион теңгеге жарна мен төлемдер аударылды. Жалпы бұл жүйе бойынша өңірдегі 850 мыңға жуық тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерді тегін пайдалана алады.

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Медициналық қызметтің көлемі ұлғаяды, біріншіден. Екіншіден, бұрын реабилитацияның ақылы тұрде еді ғой, енді ол қазір МӘМС пакетіне кіреді, толығымен тегін көрсетіледі. Онкологияға қарсы берілтін қымбат дәрілер, оның ішінде псориазға керек дәрілер, біз қазір көлдемін ұлғайтып отырмыз, ең басты мақсаты – біз қазір егер сіздің емдейтін дәрігеріңіз, 18 жасқа дейін толмаған балаңызға рецепт дәріні беретін болса, сол рецептінің барлығы толығымен тегін.

Хабар 24 телеарнасы