424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасына өзгерістер енгізілді

  • 563
  • UPD: 16:37, 13.01.2020
Елордада коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасына өзгерістер енгізілді

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №115-638 «Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді.

Жаңа қаулыға сәйкес, көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары лифтіні пайдалануы үшін төлем ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес төленеді.

«Осы қаулының орындауын бақылау, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.  Осы қаулы әділет органдарындағы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, сонымен қатар оның бірінші ресми түріндегі жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі», - делінген қала әкімінің қаулысында. 

Қаулының толық нұсқасымен «Ашық НҚА» (нормативтік құқықтық актілер) порталында танысуға болады.

Хабар 24 телеарнасы