422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі Ертіс өзеніне су тасу қаупі төніп тұр

  • 629
  • UPD: 20:40, 13.01.2020

Ертіс өзені тасып Семейді су басуы мүмкін. Бұл туралы бүгін жергілікті әкімдік өкілдері мәлімдеді. Олардың пікірінше, шаһардағы 254 үйге қауіп төніп тұр. Ауа райының өзгеруінен екі күнде ағын су күрт көтеріліп, 450 сантиметрге дейін жеткен. Дегенмен, жауаптылар жағдайды бақылауға алып, күн сайын мониторинг жүргізіп отырғанын айтып отыр. Әрі тіршілік нәрінің көлемі азайып келе жатқанын жеткізді. Шүлбі ГЭС-і де суды бекітілген кестеге сай ағызып отыр. Сала мамандарының айтуынша, бұндай жағдай өзен бетіне мұз қатуынан болып отыр. 

Валентина Пищальникова, Ертіс бассейндік инспекциясы су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау ММ маманы:

- Өзеннің бетіне мұз қатқандықтан ағыстың қай жерде баяулағанын біле алмаймыз. Қандай да бір шара қолдануға әзірге ерте. 

Ермак Сәлімов, қала әкімі:

- Жағдайды әсірелеудің қажеті жоқ. Дей тұрғанмен, біз азаматтық қорғаныс саласы өзге де құрылымдық күштерді күшейтілген режимге көшірдік. Олар сақадай сай тұр. Қай жерге қауіп төніп тұрғанын да білеміз. 254 үйдегі 760 адамға ескертілді.

Хабар 24 телеарнасы