423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық және шетелдік жұмысшыларға қатысты заң мүлтіксіз орындалсын – Сапарбаев

  • 797
  • UPD: 22:14, 13.01.2020

Былтыр бас-аяғы 27 кәсіпорында шетелдік және жергілікті жұмыскерлерге жалақы төлеу бойынша 480-ге тарта сәйкессіздік анықталды.

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы жиын барысында жұмыс беруші кәсіпорындар босаған шетелдік қызметкердің орнын жергілікті мамандарға беруге құлық танытпайтынын жеткізді. Бұдан былай мұндай олқылықтар жіті тексерілетін болады. Ескертудің қағаз жүзінде ғана орындалмауы да баса назарға алынады. Былтыр Атырау, Түркістан, Қарағанды облыстарында жұмысшылардың теңсіздігі тіркелді. Бірқатар өңірде көрсетілген квотадан көп шетелдік жұмысшы тартылғаны анықталған. Тіпті құжат бойынша инженер деп шақырылған жұмысшылардың көбі үшінші-төртінші санат бойынша жұмыс істеп келіпті. Жалпы қазір Қазақстанда рұқсаттама алып жұмыс істеп жатқан шетелдіктердің саны 19 мың. Жұмысшылар негізінен құрылыс, тау-кен, қызмет көрсету салалары бойынша Қытай, Түркия, Үндістаннан келеді. 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Мен еңбек министрлігіне айтылған ескертулерді орындауды тапсырамын. Шетелдік мамандарды жергілікті маманға ауыстыру туралы тапсырма болса, орындау керек. Штатты қысқарттық деген сылтаумен тайқып кетудің қажеті жоқ. Қазақстандық және шетелдік жұмыс күшінің біліктілігі бірдей болса, еңбекақысы да тең болуы керек. Кей кәсіпорындардағы айырмашылық үш есе. Мен барлықтарыңызға Қазақстандағы еңбек туралы заңнаманы сақтауға шақырамын. Еңбек жағдайы да барлығына бірдей болу керек. Қазір отандық кәсіпорындарда қазақстандық жұмысшылардың үлесі 96 процент.

Хабар 24 телеарнасы