380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азаматтық альянс заң жобаларын әзірлеуге атсалысады

  • 110
  • UPD: 22:16, 13.01.2020

Азаматтық альянстың заң жобаларын әзірлеуге қатысқаны абзал. Өйткені кейбір құжаттар атүсті қаралып, артынан көпшіліктің наразылығын тудырып жатады. Осы тұрғыда азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігі маңызды.

Дәл осындай мазмұндағы ұсынысты Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты. Ол елордадағы Қазақстан Азаматтық альянсының конференциясына қатысқан болатын. Жиында саладағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар нақтыланды. Әсіресе қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, тыңдаушы мемлекет тұжырымдамасын алға жылжыту және басқа елдердегі аріптестерімен ынтымақтастықты дамытуға ерекше басымдық берлу керектігі айтылды.    

Мәулен Әшімбаев, ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

- Бірнеше ұсыныстар талқыланып жатыр. Соның ішінде Азаматтық Альяныстың әлеуетін заң шығару қызметінде көбірек пайдалану мәселесі. Біз енді құқықтық мемлекет құрып жатырмыз. Барлық процестер заңмен реттелуі керек. Заңдарымыз сапалы болуы керек. Бір заңды қабылдап, 2-3 айдан кейін өзгеріс енгізетін практикадан кетуіміз тиіс.

Хабар 24 телеарнасы