376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккен тағы 6 адам ауруханадан шықты

  • 190
  • UPD: 20:34, 13.01.2020
Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккен тағы 6 адам ауруханадан шықты

Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырау салдарынан зардап шеккен тағы 6 адам бүгін ауруханадан шықты.

Олардың барлығының қазір жағдайы бірқалыпты, енді емін үйлерінде жалғастыратын болады, деді бүгін журналистерге арнайы брифинг өткізген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері. Алайда әлі 9 адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында болады. Зардап шеккен тағы үш кісі Нұр-Сұлтан қаласындағы ғылыми орталықта ем қабылдап жатыр. Ал, балалардың барлығы да үйлеріне шығарылған. Сондай-ақ қан тамырларына қатты зақым келіп, дәрігерлерді алаңдатқан нақастың да жағдайы оңалып, үйіне жіберілді. Ол біраз уақыт өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатқан болатын.   

Әсел Бисембаева, қоғамдық денсаулық басқармасы жетекшісінің орынбасары:

- Ол науқастың жағдайы қазір бірқалыпты. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылған болатын. Бүгін үйіне шығарылды. Бас дәрігерге хабарладық, енді амбулаториялық ем қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы