418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында қымбат медициналық қызмет түрін пайдалану артты

  • 395
  • UPD: 21:15, 13.01.2020
Қарағанды облысында қымбат медициналық қызмет түрін пайдалану артты

Қарағанды облысында компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография сынды қымбат медициналық қызмет түрлерін пайдаланғандардың саны артты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін мұндай қызмет айына тек 1300-ге жуық адамға көрсетілетін. Қазір олардың  саны үш есеге өсіп, енді  4000-дай адамға қолжетімді болды. Сонымен қатар жобаның арқасында жеке меншік серіктестік бағдарламасы бойынша 5 емхана ашылып, 8 оңалту орталығы қолданысқа берілді. Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында ​ медициналық сақтандыру  жүйесі 2019 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылған болатын. Кеншілер аймағы бұл жобаны пилоттық режимде бастады. Облыстағы​ еңбек ететін 395 мың азамат жүз пайыз міндетті әлеуметтік ​ медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілді. Ал 15 санатқа кіретін  830 мың тұрғынға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін қызмет көрсетілмек. Сонымен қатар қазір аймақта 90 мыңнан астам өзін өзі жұмыспен қамтушы азамат бар. Оларға арнайы төлем терминалдары қарастырылған. 2020 жылы  Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласына 93 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 процентке артық. Оның үштен бір бөлігі міндетті медициналық сақтандыруға бағытталған.

Азамат Өміртаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС департаментінің директоры:

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қаражатты ұлғайтып, қосымша медициналық қызмет көрсететін учаскелерді ашуға мүмкіндік беріп отыр. Біздің басты мақсатымыз - медициналық мекемелердегі үлкен кезектерді азайту. Әр учаскеге 1500 адамнан ғана тіркесек, халық медициналық қызмет түрлерін кезексіз пайдалана алады. Осылайша сапалы медициналық қызметті қолжетімді етеміз.

Хабар 24 телеарнасы