378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық отбасы Филиппин елінен қайта алмай отыр

  • 101
  • UPD: 21:35, 13.01.2020

Қазақстандық бір отбасы  жанартаудың атқылауына байланысты Филиппиннен қайта алмай отыр. Олар Боракай аралында демалып, 12 қаңтарда Манилаға ұшып келген. 

Бүгін Филиппин астанасынан Гонконгқа ұшып, ары қарай Алматыға жетуі тиіс еді. Қазір Манила әуежайы жабық.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, отандастарымыздың әуежайдың ашылғанын күткеннен басқа амалы жоқ. Ондағы қауіптілік үшінші деңгейде. Айта кетейік, Манила әуежайы Таль жанартауынан 85 шақырым жерде орналасқан.  

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Біздің Джакартадағы елшіліктің мәліметінше, Филиппинде атылған жанартаудан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда екі турист байланысқа шығып, Манила қаласынан ұшып кете алмайтындығын жеткізді. Біздің мәліметке сәйкес, олар 15 қаңтарда бері ұшуды жоспарлап отыр. Әзірге Манила әуежайы жабық. Бірде-бір ұшақ ұшпайды.

Хабар 24 телеарнасы