377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы Достық үйінде Абайға арналған ғылыми семинар өтті

  • 126
  • UPD: 23:13, 13.01.2020

Абай философиясы қазіргі уақытта да өзекті. Елордадағы Достық үйінде өткен «Абай – ақын, ойшыл, аудармашы» атты ғылыми семинарға қатысушылар осылай дейді.

Қазақтың рухани ұстазы «Ең алдымен адам болып қалу қажет» деп әр адамды адамгершілікке үндейді. Сондықтан ғалымдар ақын шығармаларын өскелең ұрпаққа жаңаша жеткізу қажеттігін айтады. Ол үшін ұлы ойшылдың білім үйрену және тәрбиеге қатысты нақыл сөздерін жеке кітап етіп шығару керек, дейді. Себебі ақынның барлық шығармашылығы тұнып тұрған тәрбие.

Марат Әбсеметов, тарих ғылымдарының докторы:

- Кезіндегі үлкен оқымыстылар, Ә.Бөйкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов қазақты біріктіру үшін Абайды шығарған еді. Абайды алғаш зерттеген еді. Сонда кешегі Президенттің сөзімен ұштасып отыр, Міржақыптың арманы, әй, шіркін, қазір Абайдың сөзі шықпай жатыр. Әлі де кітаптары шықпай жатыр. Бірақ заман келер. Абайдың сөзі де шығар. Халық та таниды. Бірақ ол заманда біз болмаспыз. Бірақ біздің рухымыз қуанар, сезер дейді.

Хабар 24 телеарнасы