376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық депутат күнделікті өмірде Абайдың қара сөздерін қолданады

  • 201
Маңғыстаулық депутат күнделікті өмірде Абайдың қара сөздерін қолданады

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Аббат Өрісбаев күнделікті қарым-қатынаста Абайдың қара сөздерін қолданады.

«Абайдан үлгі алу керек. Абайдың айтқан ақылымен жүрсек мемлекет ретінде мұратқа жетеміз» дейді ол. Биыл Ұлы ақынның 175 жылдығына орай әр бетіне Абайдың сөздері жазылған креативті күнтізбе шығарыпты.

Аббат Өрісбаев, облыстық мәслихат депутаты:

- Күнде столымның алдында Абайдың қара сөздері тұрады. Әр жағдайға байланысты осында отырған адам атамыздың әр қара сөзін өмірде де, жұмыста болып жатқан қарым-қатынаста қолдануға болады. Кейбір кезде әріптестерімізге қатты сөзден көрі осындай атамыздың қара сөзін айтсаң, оның түсінуіне және қабылдауына әсері одан да көп болады. Сондықтан да осыны біз қолданамыз.

Алқажан Еділхан, мемлекеттік қызмет ардагері, Қазақстанның үздік өлкетанушысы:

- Үкімет мүшелері, соның ішінде министрлер мен әкімдер мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар істерге қатысты шешім қабылдаған кезде азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін ескеруі тиіс. Мұны Абай меңзеген әділетті қоғам қалыптастырудың бірден бір шарты деп білемін дейді. Бұл жолдар тағы да қайталап айтайын, біздің Тәуелсіздік алғаннан бері қарай күтіп жүрген, аңсап жүрген қағидаттарымыз.

Хабар 24 телеарнасы