380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудный қаласында былтыр ғана салынған аттракцион алынып тасталмақ

  • 110
  • UPD: 08:55, 14.01.2020
Рудный қаласында былтыр ғана салынған аттракцион алынып тасталмақ

Қостанай облысының Рудный қаласында 330 миллион теңгеге былтыр ғана салынған шолу дөңгелегі қайта бөлшектеліп, алынып тасталмақ.

Ауданаралық экономикалық сот осындай шешім шығарды. Бұл аттракцион айналасындағы дау-дамай өткен мамыр айында басталған болатын. Шолу дөңгелегінің кабиналары жоғары биіктікте желмен қаңбақша қаңғалақтап, өздігінен шыр айналған. Оны көрген жұрттың зәресі кетті. Қоғам өкілдері бірден сотқа шағым түсірген. Содан кейін шолу аттракционын пайдалануға тыйым салынған. Бұл нысанға тапсырыс беруші – Рудный қалалық әкімдігінің құрылыс бөлімі. Салушы мердігер – «Алатаугорстрой» серіктестігі. Мемлекеттік сатып алуға қатысқан осы қос тарап енді шолу дөңгелегін бөлшектеп, алып тастауға міндетті. Облыстық экономикалық соттың үкімі осындай. Бірақ көңілде көп күдік қалды. Адам өміріне қауіпті, талапқа сай келмейтін қымбат аттракцион қайдан алынды. Жұмысты қабылдап алғандар қайда қараған? Ол жағы жұмбақ болып қалды.

Олег Матвеев, тұтынушылардың құқын қорғау орталығының өкілі:

– Бұл барып тұрған сорақылық. Сорокин деген сарапшы осы шолу дөңгелегінің екі кабинасын таразыға салып өлшеген. Олардың салмағы да, техникалық жағдайы да талапқа сай келмейтін болып шықты. Неге сай емес дейсіз ғой, себебі елге заңсыз әкелінген. Сондықтан құжатқа қол қойып, қабылдап алған өкілетті орган өкілдерінің де бұл жерде кінәсі бар.

Хабар 24 телеарнасы