375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


CҚО-да тауық жұмыртқасы 5% қымбаттады

  • 101
  • UPD: 08:57, 14.01.2020

Cолтүстік Қазақстан облысында жаңа жылдан бастап тауық жұмыртқасы 5 процентке қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қазір өңірде сауда орындарындағы ең арзан жұмыртқаның ондығы 296 теңге тұрады. Жалпы бағының өсуіне не себеп болды? 

Петропавл қаласының тұрғыны Нина Микрюкова – дүкенге келсе, міндетті түрде тауық жұмыртқасын сатып алатын жандардың бірі. Себебі зейнеткер одан түрлі салаттар жасап, кейде тағам ретінде пайдаланатынын айтады. «Ал қымбатшылық қалтаны қағып барады, дейді ол.

Нина Микрюкова, қала тұрғыны:

– Бұрын көлемі кішкентай жұмыртқаның бағасы да арзандау болатын. Мәселен, жаздың күндері ондығын 230 теңгеден сатып алатын едім. Қазір 300-теңгеге жақын. Жаңа жыл мерекесі болған соң, қымбаттаған шығар деп ойлаймын. Алдағы уақытта өз орнына түсер. Болмаса амал қанша? Осы бағамен ала береміз.

Бүгінгі күні өңірімізде бес құс фабрикасы бар. Өнімнің басым бөлігі өзіміздікі. Бірақ қаңтар айынан бастап бұл тауардың орташа құны 4,8 процентке өскен. Яғни қазір жұмыртқаның ең арзаны 296 теңгеден саудалануда. Дүкен сөрелерінде тіпті 360 теңгенің де жұмыртқасын кездестіруге болады. Әкімдіктегілер бағаның қымбаттауын былай түсіндірді. 

Мұрат Нұрқанов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

– Мұның себебі, ол құс фабрикаларының деректері бойынша жем-шөптің қымбаттауы. Биылғы жылдың басынан бастап құс фабрикаларына арналған субсидия күші жойылады деп айтылып жатыр. Бірақ қазір біз олармен меморандум жасасқанбыз. Сол меморандум бойынша олар арзандатылған бағамен жіберіп жатыр.

Есесіне жаңа жылдан кейін өңірде картоп 4, ал бірінші сұрыпты ұн бағасы 3,1 процентке арзандаған. Өйткені бұл өнімдер былтыр күзде тұрақтандыру қорына жеткілікті көлемде сатып алыныпты. Сондықтан оның бағасы жаз айларына дейін қымбаттаймайды дейді жауаптылар.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы