423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында құс еті мен сұйық май қымбаттады

  • 528
  • UPD: 08:54, 14.01.2020
Қостанай облысында құс еті мен сұйық май қымбаттады

Қостанай облысында биыл құс еті мен сұйық майдың бағасы қымбаттап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың құны былтырға қарағанда үш процентке өскен. Әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тізіміндегі тауарлардың көтерілуі бірнеше себепке байланысты. Қазір аймақта бройлерлі құс етін шығаратын жалғыз фабрика бар. Оның қуаттылығы халық сұранысын толық игеруге жеткіліксіз. Сәйкесінше облыс бұл бағытта негізінен импортқа тәуелді. Сұйық майдың жағдайы да сондай. Жергілікті өндірушілерден нарықта Ресейден әкелінетін тазартылған өсімдік майының үлесі басым. Ал нан, картоп, қант, жұмыртқа, жарма өнімдері сияқты әлеуметтік маңызға ие азық-түліктер бойынша баға тұрақты деңгейде сақталып тұр.   

Төлеутай Ержанов, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Біріншіден, құс еті 5 мың тоннадан артық өзімізде өндіріледі. Бірақ Ресейден экспортталады. Осында келгенде бағасы өседі. Оның бағасы біздің валютаға байланысты. Құс бройлері фабрикасы биыл өнімін көтеріп жатыр. Егер 2017-2018 жылдары 3200 тонна шығарса, қазір 4800 тонна. Биыл 2020 жылы 5200 тоннаға көтеріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы