375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы 116 ауылға мемлекеттен нақты қолдау жасалады

  • 65
  • UPD: 14:26, 14.01.2020
ШҚО-дағы 116 ауылға мемлекеттен нақты қолдау жасалады

Алдағы бірнеше жылда Шығыс Қазақстан облысында 116 ауылға мемлекеттен нақты қолдау жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудан орталығы мәртебесі бар елді мекендерге ауыз су құбыры тартылып, мәдениет үйі мен жолдар жөнделеді.

Айта кетейік, аймақта инфрақұрылым саласын дамыту бойынша 2019 жылы басталған 3 жарым миллиард теңгенің 8 жобасы биыл да жалғасын табады. Сонымен қатар болашағы бұлыңғыр ауылдарды ірі елді мекендерге қосу жұмыстары да жүргізіле бермек. Ал шекаралық аудандарды дамытуға бөлінетін қаржы туристік салаға бағытталады. Демалыс орындары мен табиғаты көркем жерлерге баратын жолдар жөнделеді.

Фархад Бельбеев, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары:

– Мәселен, 2019 жылы біз Күршім, Глубокое, Үржар және Көкпекті аудандарындағы 18 ауылды дамыту үшін 8 жобаны қолға алдық. Бүгінде бұл ауылдардың жолдары орташа жөндеуден өтті. Қазір  бірнеше спорт кешені мен бір мәдениет үйі салынып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы