422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында Волонтер жылының салтанатты ашылуы өтті

  • 951
  • UPD: 14:25, 14.01.2020
Алматы облысында Волонтер жылының салтанатты ашылуы өтті

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, елімізге танымал өнер саңлақтары мен жастардан құрылған 3 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда өңірде 500 мыңнан аса жас болса, соның мыңнан астамы қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде атсалысады. Олар 19 ұйымға топтасқан. Белсенділер былтыр демеушілердің көмегімен тұрмысы төмен көп балалы 5 отбасыға баспана сыйлаған болатын. Биыл олардың қатары артып, атқарылатын жұмыс ауқымы да ұлғая түспек. Бүгінгі бастама сол жастарды игілікті шараға көптеп тарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.     

Ілияс Түстікбаев, Қазақстан студенттері альянсының президенті:

– Волонтерлар жылы республика бойынша Алматы облысында бірінші ашылып отыр. Және бұл Жастар жылының жалғасы деп айтса болады. Себебі Жастар жылы да, Волонтерлар жылы да бізге берілген тарихи мүмкіндік. Себебі қазіргі жастарымыз көбісі қоғамдық жұмыстармен айналысады. Біз Волонтер жылы сол кісілерді жаңа деңгейге шығарып, керекті құжаттар мен жаңа жобаларды айқындап алатын жыл болмақ.

Хабар 24 телеарнасы