378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 6 мыңнан аса бала өздеріне тиесілі алиментті ала алмай отыр

  • 99
  • UPD: 14:25, 14.01.2020
БҚО-да 6 мыңнан аса бала өздеріне тиесілі алиментті ала алмай отыр rus.delfi.ee

Батыс Қазақстан облысында 6 мыңнан аса бала өздеріне тиесілі алиментті ала алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда сот орындаушыларының қолында алимент өндіру бойынша 2 мыңдай іс бар екен. Олардың дені жұмыссыздар мен маусымдық жұмыстарға ғана тартылатын тұлғалар. Бірақ арасында табысын жасыратындар мен өз перзенттеріне алимент төлеуден үзілді-кесілді бас тартқандары да аз емес. Өз кезегінде прокурорлар мамандандырылған сот орындаушыларының кеңселерін көбейтуді және алимент өндіруге ықпал ететін тетіктерді молынан пайдалануды ұсынып отыр. Қадағалаушы органның араласуымен қарызгерлерді қайта оқыту, оларды жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жұмысқа орналастыру да өз нәтижесін бере бастаған.

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

– Барлық бережақтың саны 80 миллионнан қазіргі уақытта 42 миллион теңгеге түсіп отыр. Және де осы алимент өндірудің тиімді құралдарының бірі жауапкершілікке тарту болса, әкімшілік жауапкершілікке 650-ден астам адам тартылды. Бұл әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша. 17 тұлға ҚК-тің 139-бабы бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы