428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда Абай мұраларының көрмесі өтті

  • 1016
Қарағандыда Абай мұраларының көрмесі өтті

Қарағандыдағы Абай атындағы балалар кітапханасында Абай мұраларының көрмесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен ғасырдың 40-жылдары жарық көрген кітаптар, мерзімді басылымдар, жалпы саны 130-дан астам құнды құжат жұртшылық назарына ұсынылды. Көрмеден ұлы ойшылдың әлемнің бірнеше тіліне аударылған шығармаларын көруге болады. Бұл күні сондай-ақ келушілерге хәкім Абай жайында түсірілген деректі фильм көрсетілді. Жас оқырмандар үшін «Абай жолы» романының электронды нұсқасы жасалған және қара сөздерінің аудиодискісін тыңдауға болады.

Баян Уатаева, Абай атындағы балалар кітапханасының директоры:

– Абайға қатысты қандай да бір дүние болсын, біз Абай атындағы кітапхана болғандықтан, оны жинауға тырысамыз және сақтаймыз, сонымен біз мақтанамыз. Абай өмірін, Абайдың көзқарасын жастар білсін, жастар тек әлеуметтік желіде отырмай, кітап арқылы өзінің биікке көтерілуіне, жетістікке жетуіне бағыт жасасын деген мақсатпен осындай көрме ұйымдастырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы