424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі Бейбітшілік аралының сегіз тұрғыны қонақ үйге орналастырылды

  • 413
  • UPD: 20:07, 14.01.2020

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралының сегіз тұрғыны қонақ үйге орналастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос пәтерлік үйді жалғайтын жолды Ертістен көтерілген су шайып кеткен болатын. Құтқарушылардың айтуынша, қазір жағдай тұрақталып келеді. Бүгін бір жанұя баспанасына қайта оралды. Десек те, тасыған өзен суы жеке тұрғын үйді, сарай мен көмір сақталатын орынды бүлдіріп кетті. 254 үйден тұратын төрт ауданның әлі де болса су астында қалу қаупі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтар күні мұздың еруінен Ертіс суы арнасынан асып, бірнеше көшеге су жайылды. Елді мекен үсті тікұшақпен барланған соң жару жұмыстарын жүргізбеу шешілді. Шұғыл штаб құрылып, мамандар тәулік бойы бақылауға көшті.

Гүлшария Сүлейменова, қала тұрғыны:

Біз үйге дейін кіріп кете ме деп ойладық. Алдыңғы жылы үйге кіріп кетті ғой, сол үшін қорқып қалдық. Тәуба, су кірген жоқ. Кірейік деп ойлаған едік, көлікпен кіре алмайды екенбіз. Енді осында жатырмыз, су қайтқанда барамыз.

Задаш Қожабекова, қала тұрғыны:

Қорада малымыз бар. Малымыз түнімен далада жүрді. Таңертең жинап алдық бәрін.

Бақытбек Байбуров, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

- Қазіргі уақытта Ертіс бойында судың деңгейі 445 сантиметрге түсті. Сондықтан біздің азаматтар бар, бір техника басында бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта ешқандай қауіп-қатер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы