420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сырдария мен Ертіс суы төмендеп келеді – ТЖК

  • 655
  • UPD: 19:26, 14.01.2020
Сырдария мен Ертіс суы төмендеп келеді – ТЖК

Сырдария өзені суының деңгейі біртіндеп төмендеп келеді.

Бүгін баспасөз мәслихатында Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев осылай деді. Оның айтуынша, Қараұзақ бекетіндегі судың нақты деңгейі 695 сантиметр. Бір тәулік ішінде өзен суы 2 сантиметрге төмендеген. «Қауіпті белгі 680, ал қатерлі белгі 770 сантиметр», - деді комитет төрағасының орынбасары. Сондай-ақ ол Ертістегі су деңгейінің де төмендегенін  айтты.

Еске салайық, өзенде сең жүруіне байланысты Шығыс, Бейбітшілік елді мекендері мен Полковник аралындағы үйлерді су басу қаупі туындаған еді. Марат Дұзақбаев «Семейде 7 эвакуациялау бекеті әзірленді, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуріге дайынбыз», деді.

Хабар 24 телеарнасы