375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда полиция қызметкері құрған қылмыстық топқа қатысты үкім шықты

  • 193
  • UPD: 19:50, 14.01.2020
Атырауда полиция қызметкері құрған қылмыстық топқа қатысты үкім шықты

Атырауда қала базарларындағы саудагерлерді бопсалап жүйелі түрде ақша жинап келген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырғы жылдың ақпан-наурыз айларында құрамында полиция қызметкері бар алты адамнан тұратын сыбайласқан топ Өзбекстан азаматтарын қорқытып, ақша алып келген. Олар саудагерлерден тауардың сертификаттарын, есептеу аппаратын және ақша төлеу терминалдарын талап етіп, қоқан-лоққы көрсеткен. Сатушылар ақша беруден бас тартқан жағдайда оларды полиция бекетіне жеткізген. Ақшаны алған соң істі тіркемеген. Тіпті бір сатушыны соққыға жығып, тағы бірін «әйел зорлады» деп қылмыстық жауапкершілікке де тартпақ болған.

Боранбай Ғалиев, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Айыпталған 6 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3,6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оларға пробациялық бақылау белгіленді. Үкім күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы