429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алуға қарсы шаралар күшейтілді

  • 694
  • UPD: 20:08, 14.01.2020

Биыл атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу фактілерін болдырмау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа шарттар енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, аталмыш көмекті алушыларда бір данадан астам жылжымайтын мүлік пен көлік болмауы қажет. Ал, егер атаулы көмек алушы қандай да бір артық үй-жайды иеленген жағдайда, ол пайда табу көзі болмауы міндет. Жергілікті билік берген жер телімінен бөлек, жеке учаскесі болмауы керек.

Сәуле Нұрғожина, қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:

- Нұр-Сұлтан қаласында атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж отбасыларға ғана көрсетілетін болады. Бұдан басқа, аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы түрінде де қосымша көмек көрсетіледі. Бір жастан алты жасқа дейінгі баласы бар отбасылар азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне жұмыс ұсыну үшін Кәсіпкерлер палатасы мен Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту орталығы 476 бос жұмыс орнын әзірледі.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жылдан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетігі өзгертілді. Енді қолдаудың бұл түрі өтініш берген күнге қарамастан, тоқсан сайын тағайындалады.

 

Хабар 24 телеарнасы