380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қасқыр мен шибөрі атуға рұқсат берілді

  • 115
  • UPD: 20:33, 14.01.2020
Алматы облысында қасқыр мен шибөрі атуға рұқсат берілді

Алматы облысында бүгіннен бастап қасқыр мен шибөрі атуға рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 9 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Ол аңшыларға сыйақы ретінде беріледі. Мамандардың айтуынша, Жетісу жерінде 6 мыңға жуық қасқыр мен 2,5 мыңға жуық шибөрі бар. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер биологиялық негіздеме және экологиялық сараптама жүргізіп, Алматы облысында биыл 1500 жыртқышты атуға квота бөлді. Өткен жылы жетісулық аңшылар 346 қасқыр мен 232 шибөрі атып, мемлекеттік сыйақы алған. Жартқыштарды көп атқандардың саны жағынан Балқаш пен Қаратал ауданының аңшылары көш бастап тұр.

Нұрқуат Қонысбаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Облыс әкімдігі тарапынан 9 млн 270 мың теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл қаражат зиянкес жыртқыштардың санын реттеумен айналысатын аңшыларға сыйақы төлеу мақсатында бөлініп отыр. Бүгінгі күні сыйақы мөлшері бір қасқырға 20 мың теңге болса, бөлтірік пен шибөріге 10 мың теңге. Қазіргі кезде бір жерлерде қасқыр шауып кетті, басқа да төтенше жаңдайлар болып жатыр, зиянкес жыртқыштардың тарапынан деген бір тосын хабар әлі түскен жоқ бізге.

Хабар 24 телеарнасы