377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда студентті қағып кеткен жүргізушілердің ісі сотқа жолданды

  • 132
  • UPD: 21:50, 14.01.2020
Атырауда студентті қағып кеткен жүргізушілердің ісі сотқа жолданды

Атырауда жол апатына қатысты қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйек күні Toyota автокөлігі Баймұқанов көшесі бойында жол ережесін өрескел бұзып, жас жігітті қағып кеткен болатын. Салдарынан жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы колледж студенті қаза тапты. Кейін белгілі болғандай, Toyota және Mersedes автокөліктерін тізгіндегендер бағдаршам мен жол белгілеріне қарамастан, жарыс ұйымдастырған.

Жанболат Туғанбаев, облыс прокурорының бірінші орынбасары:

- Қазіргі таңда іс тергеліп бітті. Сотқа жолданды. Заңды шешім сотпен қабылданатын болады. Екінші жүргізушіге қатысты Mersedes автокөлігінің жүргізушісіне қатысты полиция органдарымен әкімшілік іс қозғалып, бұл жауапкершілікке тартылды. Ешкім де жауапкершіліктен жалтармайды.

Хабар 24 телеарнасы