376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС жүйесіне 1 сәуірге дейін тіркелу керек

  • 101
  • UPD: 23:03, 14.01.2020

1 қаңтардан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінің жаңа жүйесі толықтай күшіне енгені белгілі.

Бұдан бұлай әрбір сақтандырылған азамат өзіне қажет ем-домын ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділік тегін дәрігерлік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шегінде сақталады.

Елімізде 18 млн тұрғынның 11 миллионнан астамы мемлекет есебінен тегін емделеді. Оның ішінде елорда тұрғындарының шамамен 60%-і. Осы мақсатта Үкімет биыл 998 млрд теңге қаржы бөлген. Зейнеткерлер мен бірінші, екінші және үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көп балалы және бала күту демалысындағы әйелдер, студенттер сақтандыру қорына қаржы аудармайды.

Айдар Сейітқазынов, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қалалық филиалының директоры:

- Біздің азаматтарға сәуір айына дейін әлеуметтік статусын анықтап, тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға тіркелуі керек. Бұл жеке кәсіпкерлер, жалдамалы қызметкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарға да қатысты.

Мәселен, соңғылары елордадағы 30 емхананың тең жартысына орнатылған арнайы терминалдар арқылы жарна төлеу мүмкіндігіне ие. «Жалпы әр мекемеде 1700 азаматқа бір жалпы тәжірибелік дәрігерден келуі керек. Кері жағдайда медициналық қызмет сапасы төмендейтіні түсінікті», дейді маман.

Айдар Сейітқазынов, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қалалық филиалының директоры:

- Азаматтардың өзіне қолайлы медициналық мекемеге тіркелу құқығы бар. Бірақ мұндай мүмкіндік жылына тек бір рет қыркүйек пен қараша айлары аралығында беріледі.

Айта кеткен жөн, ауылдық жерлерде тұратын азаматтар тек аудандық ауруханамен шектелмейді. Күрделі дәрігерлік ем-шара қажет болса, елді мекен тұрғындары медициналық қызметті облыс немесе республикалық деңгейде де алуға құқылы.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы