377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдайды түсіндіріп берді

  • 118
  • UPD: 23:47, 14.01.2020
Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдайды түсіндіріп берді

Еліміздің Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғызстанмен арадағы шекарадағы жағдайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отардың айтуынша, Еуразиялық Экономикалық одақ аясында ешқандай заңнама бұзылған жоқ. Сондай-ақ ол «шекарада көлік кептелісі жоқ» деді.

Олжас Отар, ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы:

- Көлік кептелісінің туындаған себептері – осы уақытқа дейін Қырғызстан тарапын Қазақстан аумағы арқылы Ресейге, болмаса, басқа мемлекетке өтіп жатқан тауарлардың құжаттары сәйкес келмеген. Мысалы, ЕАЭО заңнамасын бұзып жатыр дейді. Бұл жерде ешқандай заңнама бұзылып жатқан жоқ, ілеспе құжатта көрсетілген тауарлар көліктегі тауармен сәйкес келіп жатқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы