377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа кубогы: Анастасия Городко фристайл-могулдан екінші алтынын иеленді

  • 75
  • UPD: 10:45, 15.01.2020
Еуропа кубогы: Анастасия Городко фристайл-могулдан екінші алтынын иеленді olympic.kz

Бұл күндері Швейцарияда фристайл-могулдан Еуропа кубогі өтіп жатыр. Екінші жарыс күнінде қазақстандық Анастасия Городко екінші алтынын ұтып алды, деп жазады Olympic.kz.

Спортшы параллельді могулда қарсыластарының бәрінен басып озып, жеңімпаз атанып отыр.

Екінші орында Нидерланд өкілі Джанек Бергхуис. Үшінші орында германиядық Софи Вессе орналасқан.

Айта кетелік, бір күн бұрын Городко дәл осы бәсекеде топ жарған болатын. Бұл оның турнирдегі екінші алтын жүлдесі.

Хабар 24 телеарнасы