421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда бизнес ашу үшін құрылыс жүргізуге рұқсат алу оңайлатылмақ

  • 371
  • UPD: 11:00, 15.01.2020
Қазақстанда бизнес ашу үшін құрылыс жүргізуге рұқсат алу оңайлатылмақ

Бизнес ахуалды жақсарту мәселелерді бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы ұсынылды.

Заң жобасымен Мәжілісінің жалпы отырысында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов таныстырды.

«Бұл заң жобасы елдегі бизнес ахуалды жақсарту мақсатында әзірленген. Ол бизнес құру рәсімдерін оңайлатуға, отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, бәсекелестікке кедергі жасайтын тосқауылдарды жоюға, құрылыс жүргізуге рұқсат алу рәсімдерін оңайлатуға бағытталған», - деді Нұртай Сабильянов.

Сонымен қатар заң жобасы бойынша қорытынды 2020 жылдың 18 қарашасына дейін дайын болатынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы