380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттің кадр резервіне өткен 55 азамат жаңа қызметке бекітілді

  • 133
  • UPD: 12:08, 15.01.2020
Президенттің кадр резервіне өткен 55 азамат жаңа қызметке бекітілді inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесу барысында жастардан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.

«Біздің мақсатымыз сіздерді лауазымды қызметке тағайындау ғана деп ойламаңыздар. Бұл – елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба. Басты міндет – талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру», - деді Мемлекет басшысы.

Қазірдің өзінде резервке өткен елу бес азамат жаңа қызметке бекітілгенін айтып өтті.

«Алдағы уақытта сіздерді мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жібереміз», - деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы