loader

Елордада электр кабелін зақымдаған кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

Елордада электр кабелін зақымдаған кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

«ЛидерСтройЭксперт» ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 302-бабының 2-тармағы және 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«10 кВ кабель желісін зақымдауы туралы «Астана-АЭК» АҚ өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментімен жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 302-бабының 2-тармағы және 305-бабы бойынша «ЛидерСтройЭксперт» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп көрсетілген хабарламада.

Аталған кабель желісінің зақымдалуы жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алды. Тексеру нәтижесінде зақымдалған кабель желісін қалпына келтіру және жер қазу жұмыстарға келісім алу туралы «ЛидерСтройЭксперт» ЖШС-не нұсқама берілді.

Осыған орай Департамент электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында электр желілерінің күзету аймағында жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары» талаптарын орындау қажеттілігі туралы назарға салады.

Сондай-ақ...