376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнайлы өңірде азық-түлік бағасы қымбаттап барады

  • 75
  • UPD: 18:07, 15.01.2020
Мұнайлы өңірде азық-түлік бағасы қымбаттап барады

Жаңа жылдан бастап мұнайлы өңірде азық-түлік пен өндірістік тауарлар бағасы өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде күнделікті тұтынатын тағам түрлері де бар. Атырау облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша азық-түлік бағасы 7,5 процентке, өндірістік тауарлар 4,2, ал тұрмыстық қызмет көрсету 2,7 процентке қымбаттапты. Еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда, азық-түлік түрлері мен тауарлардың 60 проценті сырттан тасымалданатын Атырауда бұрын да баға алшақтығы сақталатын. Алайда ет-сүт, көкөніс секілді жергілікті өнімдер бағасы да шарықтап барады.

Майя Балымқұлова, қала тұрғыны:

– Тамақтардың бәрі қымбаттап жатыр. Ақшамыз жетпейді. Жарты айлығымыз коммуналдық қызметке кетсе, жартысы тамақ алумен кетеді. Нанға дейін қымбаттап кеткен.

Зәуреш Баймұқашева, облыстық статистика департаментінің басқарма басшысы:

– Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасы көтеріле бастады. Атап айтқанда, жұмыртқа 3,6 процентке, қарақұмық 2,4, қырыққабат бағасы 1,8 процентке қымбаттаған. Ет-сүт өнімдерінің бағасы да көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы