431,11 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылықтар көктемде жеміс-жидектер мен көкөністерді 15-20% арзанға алады

  • 567
  • UPD: 18:08, 15.01.2020
Қарағандылықтар көктемде жеміс-жидектер мен көкөністерді 15-20% арзанға алады

Бұл туралы бүгін өңірге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық қалаулыларының айтуынша, азық-түлікті көтерме үлестіру логистикалық орталығы ашылған соң халық осындай жеңілдікке ие болады. 60 гектардан астам аумаққа салынып жатқан орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Онда көтерме азық- түлік кешені, қоймалар мен көкөніс сақтайтын арнайы орындар мен кедендік рәсімдеу орталығы да болады. Мұнда жылына 300 мың тоннадан астам азық- түлік сатылады деп жоспарланған. Шаруалар көкөністер мен жеміс-жидек, ет, сүт өнімдерін делдалсыз тікелей өткізеді. Оларға 2 жарым мың сауда орны берілмек. Орталықта электрондық сауда-саттық та ұйымдастырылып, күніне 160-тан астам жүк көлігі тауар тасымалдайды. Елдегі бірегей логистикалық орталық көктемде іске қосылысымен 2 мың жаңа жұмыс орны ашылмақшы.

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ең алдымен мал өнімдері, ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы нарықтық, яғни бұл жерде алыпсатарлардың болмауы және соның тиімді болуы бұл халыққа жақсы қызмет ететін сияқты және Қарағанды облысының агро секторында жұмыс жасап жатқан адамдарға үлкен пайдасы тиетіндігін біз көріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы