422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 23 мыңдай адамның мәртебесі белгіленбеген

  • 537
  • UPD: 18:59, 15.01.2020

Солтүстік Қазақстан облысында медициналық әлеуметтік қорына 5,8 млрд теңге жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жарнасы. Енді бұл төлемді әр адам жасауы тиіс.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Петропавл қалалық нөмірі бірінші емханасында 60 мыңдай адам тіркелген. Қарапайым халық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы біле ме? Мамандар не дейді? Бірге сұрап көрейік.

Бұл жүйе аты айтып тұрғандай, міндетті. Яғни өз денсаулығыңыз үшін ай сайын жарна жинайсыз. Оны жұмыс беруші аударады.

Сұлушаш Дүйсенбаева, қала тұрғыны:

– Әлі білмеймін, көрген жоқпын, оқыған жоқпын. Естуін естідім.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тегін қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның ішіне физиотерапия, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография кіреді.

Гүлстан Әубәкірова, қалалық №1 емхананың тіркеушісі:

– Егер сақтандырылмаған болса, олар 2651 теңге төлеу керек. Ал егер ауылдікілер болса, олар 1125 теңге төлеуі тиіс. Сақтандырылған, сақтандырылмағанды 1 сәуірден бастап білуге болады. Қазір акция бойынша барлығы сақтандырылған болып келіп жатыр.

Биылдан бастап сақтандыру қорына әр адам ақша аударуы тиіс. Балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар үшін мемлекет төлейді. Бұл санатқа 14 топ кірді.

Лариса Гордеева, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚФ директоры:

– Бүгінгі күні облыс бойынша халықтың 96 проценті сақтандырылған. Бұл жоғары көрсеткіш. Қалғандарына сәуірдің 1 дейін мәртебесін анықтап, төлемші атану керек.

Солтүстік Қазақстан облысында 23 мыңдай адамның мәртебесі белгіленбеген. Олар сәуірдің 1-не дейін тіркелуі тиіс. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы