430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жемқорлықпен күресудің тың тәсілі қолға алынды

  • 474
Шымкентте жемқорлықпен күресудің тың тәсілі қолға алынды

Мемлекеттік қызметкерлер, нақтырақ айтсақ, әкімдер, басқарма және бөлім басшылары үшін тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар түзеу мекемесіне арнайы автобуспен жеткізіліп, бас бостандығынан айырылғандардың тіршілігімен танысты. Мұндағы жағдайдың мемлекеттік қызметкерлерге әсер еткені соншалық, кейбірі камера ішіне кіруден бас тартты. Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар көп ұзамай тиімділігін көрсететін көрінеді. Темір торда өткізген жарты сағат пара алушыны да, берушіні де ойландырады, дейді мамандар. Еске салайық, былтыр жергілікті атқарушы мекемелердің 16 қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы